Қаржы пирамидаларын тергеуге кімдер кедергі болатыны белгілі болды
Елімізде қаржы пирамидаларына қатысты тергеу амалдарына кедергі келтіретін жағдайлар жиілеп кеткен. «Түскі формат» эфирінде Қаржы мониторингінің ресми өкілі Ернар Тайжанның айтуынша, кей азаматтар алаяқтық схеманың құрбаны болса да, арыз жазудан бас тартады. Өйткені ұйымдастырушылардың өзі тәжірибелі ораторлар. Олар психологиялық тұрғыдан әсер етіп, чаттарда топтасып: «Арыз жазбаңыздар, ақшамыз қайтады. Ұйымдастырушыны аман алып қалсақ, Президент әкімшілігіне, Бас прокуратураға шағымдансақ, жұмысымыз жалғасады. Үй де, көлік те, табыс та аламыз» деп үгіт жүргізеді. Соның кесірінен сот процесі аяқталған соң арызданушылардың саны күрт азайып кетеді екен. Сондықтан тікелей эфир барысында азаматтарға үндеу жасалды: егер қаржы пирамидасының құрбаны болсаңыз, міндетті түрде ертерек арыз жазып, тергеу амалдарына белсенді қатысу қажет. «Түскі формат» бағдарламасының толық шығарылымы YouTube арнамызда. Жүргізуші – aizhan_ilyaskizi Сарапшы: Ернар Тайжан - ҚМА ресми өкілі Наши социальные сети: Telegram Qaz - t.me/atamekenbusiness_qaz Telegram Rus - t.me/atamekenbusiness Telegram Sport - t.me/atamekenbusiness_sport Telegram Auto - t.me/atamekenbusiness_auto Telegram Silk Way - t.me/atamekenbusiness_silkway Instagram - / atameken.business Instagram - / inbusinesskz Facebook - / atamekentv.kz Facebook - / inbusiness.kz Tik-Tok - / atamekenbusiness «Atameken Business» online: https://inbusiness.kz/ru/tv
Cайт - https://inbusiness.kz
#AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана #түскіформат #қазақстанжаңалықтары #atamekenbusiness #новости