Түркістан облысында қой айдауға кеткен 38 жастағы азамат ізім-ғайым жоғалды
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Түркістан облысында қой айдауға кеткен 38 жастағы азамат ізім-ғайым жоғалды. Туыстары Мақсат Атабаевты бір айдан бері іздестіріп жатыр. Әзірге нәтиже жоқ. Анасы хабар-ошарсыз кеткен жалғыз ұлын құлдықта ұстап отыруы мүмкін деп күдіктенеді. Себебі, тепсе темір үзетін тұрғын кез келген жұмысқа ебі болған дейді. Жалданып жұмыс істеп, нәпақа табатын жетісайлық жігітті полиция да таппай жатыр. Балам жоқ болғалы бері жүре алмай қалдым қазір аяғымнан. Күніге жолына қарап тілеп отырмын. Құдайдан үміті болса, жүрегінде иманы болса оның да бала-шағасы бар ғой кім ұстап отырса да жіберсе қайтеді?! 25 күннен бері терезеге телміріп отырған Ұлжан Жәнібекова күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылған. Өйткені жан дегенде жалғыз ұлы Шардараға қой айдауға кеттім деп сол күйі із-түссіз жоғалған. ҰЛЖАН ЖӘНІБЕКОВА, Мақсат Атабаевтың анасы: Машинаға мінген. Ол үйге қайтамын деген. Үйге қайтпай біреу алып кетті-ау соны. Сонымен әлі жоқ. Әкеп салса сүйіншісі бар ғой. Бар үмітім сол менің. Қашан келеді, қашан келеді деп күніге жолына қарап, түнде терезе тықыр етсе, балам келіп қалды ма деп елеңдеймін. 38 жастағы Мақсат Атабаев анасымен бірге тұрады. Үйленбеген азамат әркімге бір жалданып, нәпақа тапқан. Туыстары оның қара жұмысты талғамай істейтінін айтады. Сондықтан жақынымызды бәзбіреулер құлдықта ұстап отыр ма деп күдіктенеді. Бұл іске досының қатысы болуы мүмкін деп отыр. АЙЖАН АТАБАЕВА, Мақсат Атабаевтың әпкесі: Менің інім қой айдауға көмектесуге шыққан қасындағы досына. Екі күн далада түнейді ғой олар. Үшінші күні менің інім қырықжылдыққа бармаймын деп Датқа ауылда қалады ғой. Қалтасына ақша да салмай жіберген олар. Мүмкін оны таныстары ана жігітті алып кете салыңдар деп біреуге жол сілтеп жібере салуы мүмкін да. Мүмкін ол басқа машинаға мініп кетуі мүмкін. По-любому құлдыққа кетіп тұр ғой. Жетісайлықтар хабар-ошарсыз кеткен Мақсат Атабаев жер-көктен іздеп көрген. ҰЛЖАН ЖӘНІБЕКОВА, Мақсат Атабаевтың туысы: Барлық жерді көрдік біз. Отделение бар ма, гараж бар ма. Қай жерде тастанды здание бар ма. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Ешкім звондамайды. Хабарласпайды. Милициялар бірінші кезде үйді барып көрді. Одан кейін милицияларды көрмедік. Бірақ тәртіп сақшылары іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді. Полиция бұл іс бақылауымызда дейді. ------------------------------------------ Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы - • Перизат Қайрат соты Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық