G
enby!

Dimash Kudaibergen - Tau ishinde (the first stage performance) Димаш Құдайберген - Тау ішінде

26.05.2026 Dears fan meeting concert in Almaty city #dimashkudaibergen #dears #tauishinde #димашқұдайберген #димашкудайберген Dimash is an outstanding live performer, he delivered high energy on stage. Мен келем тау ішінде түнделетіп, Аймақты күңірентіп өлеңдетіп, Астымда ақ боз атым сылаң қағып, Жалтақтатып құлақтарын елеңдетіп. Ақ боз ат менің тұлпарым, Шалқыған көңіл сұңқарым. Көкірек керіп жұттым мен Ауаның жазғы жұпарын. А-а-ay, сүмбіл шаш, Тәтті сөзің, Қара көзің, Білгейсің келгенімді жалғыз өзің. Тәтті сөзің, Қара көзің, Білгейсің келгенімді жалғыз өзің. Ән салдым есіп майда жаяулатып, Ырғалтып, шырқап, толғап, баяулатып. Толқындай мың құбылған әнімді естіп, Тыңдарсың кірпік қақпай ояу жатып. Ақ боз атым қояндай, Еркелеп басар аяңдай. Тербеді даусым ауаны Дыңылдап қалқып баяулай. А-а-ay, сүмбіл шаш, Тәтті сөзің, Қара көзің, Білгейсің келгенімді жалғыз өзің. Тәтті сөзің, Қара көзің, Білгейсің келгенімді жалғыз өзің. Тәтті сөзің, Қара көзің, Білгейсің келгенімді жалғыз өзің. Тәтті сөзің, Қара көзің Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.

Смотрите также