Т.Ахтановтың «ЖОҒАЛҒАН ДОС»драмасы режиссері А.Салбанов
Ұлы жеңістің 80 жылдығына арналады! Соғыс талқандаған тағдырлар қаншама… Біз олардың бірін білсек, мыңын білмейміз. Жүз адамның өмірін құтқарып қалу үшін 6 адамды ажалға айдаған командирдің бұйрығын орындаған Маңғас ең жақын досын майдан даласында қалдырғанына өмір бойы өкінеді. Соғыс біреуді әкесінен,біреуді ағасынан,бауырынан айырса, енді біреуді әке болу, ұрпақ сүю қабілетінен айырды. Есін жоғалтып, өмір бойы өзінің кім екенін біле алмай келген Естемесовті күткен жары мен әкесін бір көруді аңсаған ұрпағының үміті ақталар ма екен?!
Смотрите также
