Қазақ әндері қалай репрессияға ұшырады | Мағауинге жан-жақтан тыныштық бермеді | Илья Жақанов
00:00 Қазақ музыкасының тарихын терең зерттеген композитор, өнер зерттеушісі Илья Жақанов Juzmedia-ға берген сұхбатында «Балқадиша» әнінің кеңестік идеология әсерінен бұрмаланғанын баяндады. Оның айтуынша, түпнұсқада Балқадиша өз сүйгеніне қосылғанымен, кеңес заманында бұл ән қазақ дәстүрін қаралау мақсатында өзгертіліп, халыққа мүлде басқа мазмұнда ұсынылған. Сондай-ақ, зерттеуші қазақтың көптеген дәстүрлі әндері осындай идеологиялық қысымға ұшырағанын, әндердің шынайы тарихы ұмыттырылғанын айтты. Сұқбатта Илья Жақанов қазақ музыкасының тағдыры, дәстүрлі әндердің бұрмалануы және ұлттық мәдениеттің шынайы келбетін қалпына келтіру жолындағы туралы сыр шертеді. Сонымен қатар, ол замандастары Шәмші Қалдаяқов, қаламгер Мұхтар Мағауин жөнінде естеліктерімен бөлісті. 05:10 Бабалардың сөзі “Еділ-Жайық” әні боп бес минутта шықты 17:03 Евгений Брусиловский Илья Жақановты консерваторияға неге алмады 30:12 Сүгірге телінген “Бозінген” күйінің тарихы 37:09 Балқадиша әнінің сөзі қасақан өзгертілді 47:31 Дударай әнінің керемет сөзін Мәриямға телуге болмайды 50:34 Біздің халық әндері италияның классикалық әндерінен бірде бір кем емес 55:13 “Катюша” әні немістерге үлкен соққы берді 1:00:33 Қазақтың қарапайым әндері өз болмысына жат болып кетті 1:03:34 Қырғыздың ұлы батыры Манастың бүкіл өмірі қазақ даласында өткен 1:08:50 Қазақтың жігіттері аю боп билеген 1:09:07 Суретшілік жолы: 78 жасымда диплом алдым 01:23:34 Мұқан Төлбебаев Шәмшінің нотасын лақтырып жіберді 01:24:22 Шәмшімен алғашқы таныстығы 01:26:41 Шәмші көк тиын ақшасыз, жұмыссыз жүрді 01:31:16 Шәмші қайтыс боларында екі-ақ сөз айтты 01:33:53 Мағауинге жан-жақтан тыныштық бермеді 01:40:30 Композитордың соңғы жазған әні: Бетпақ дала Мағауинді жоқтап, азынап жатыр ма деп ойладым 01:42:04 “Адамды жетелейтін үміт пен арман”. Илья Жақановтың арманы Хештег: #ИльяЖақанов #Балқадиша #ҚазақӘні #ДәстүрліМузыка #ҚазақМәдениеті #АяӨміртай #МұхтарМағауин #ШәмшіҚалдаяқов #Juzmedia #Сұхбат #ҚазақБиі «Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әркеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса. #juzmedia #Жаңалық #
Смотрите также
