G
enby!

Өмір-өзен

ӨМІР-ӨЗЕН Өмір-өзен, өткінші өкінішке, Ағысымен жетелейді белгісізге. Тасып, тасып, кейде тыншып сабасына, Бәрін сыйлар — қуаныш пен сынақ бірге. Жағадағы жапырақтай тұрмын қалқып, Ағыс алып барады алысқа шалқып. Бірде мейір, бірде мұңмен тербетеді, Сынақ жолын көрсетіп сезім балқып. Өмір-өзен, мәңгі аққан тұнық арна, Осы жердің тағдырына куә болған. Кейде тасып, кейде шөгіп сая табар, Әр бұрылысы беймәлім сырға толған. Тереңінде жұмбақ жатыр шешілмеген, Толқынында арман жатыр жетілмеген. Өткен күннің өкініші ауыр болса, Ертеңіңе үмітпенен жетіп келем... 28.12.2024 Алматы-Шымкент

Смотрите также