Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді
Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға сапармен келген Бас хатшыға ризашылығын білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы қарсаңындағы тығыз жұмыс кестесіне қарамастан мәртебелі мейманның Алматыға арнайы келгенін атап өтті. Бұл сапардың еліміз үшін мәні зор әрі Ұйымның орнықты даму күн тәртібіне бейілдігін көрсетеді. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24