Дау-дамайсыз: Жалға алған үйдің жанжалы
Он жыл кезек күтіп, баспанаға қолы жеткен Қызылорда облысы Тереңөзек кентінің тұрғыны, 3 топтағы мүгедек Айнұр Ілиясова «Дау-дамайсыз» бағдарламасынан көмек сұрайды. Былтыр аудандық әкімдік баспана бергенде бөркін аспанға атқан келіншектің қуанышы ұзаққа созылған жоқ. Жаңа баспананың қабырғасы үгітіліп сылағы түсіп , үйді жылыту машақат. Бағдарлама жүргізушісі және авторы Жазира Бегалы кейіпкердің мәселесін шешу үшін Қызылорда облысына аттанды. Денсаулығы дәмкәс, қызы да, өзі де мүгедек жандардың түйіткілін «Дау-дамайсыз» бағдарламасы араласқаннан кейін атқамінерлер жедел шешіп, көпқабатты пәтерге көшірілді. Екі күнің ішінде Айнұр Ілиясова жалдамалы жер үйден пәтерге көшіп, мәселесі шешілгенде Қызылорда қаласының сол жағалауындағы көпқабатты үйдің тұрғындары хабарласты. 3 жыл бұрын жалға берілген үйдің құжаты жоқ. Көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар тұрғылықты жері бойынша тіркеле алмай әлек. Үш жыл бойы жұртты әуре-сарсаңға салған құжаттың машақаты «Дау-Дамайсыз» бағдарламасы араласқаннан кейін шешілді. 50 емес, көрші тағы үш қабатты үйдің 150 тұрғыны техникалық құжат рәсімдеуге мүмкіндік алды. Мәселені "ДАУ-ДАМАЙСЫЗ" шешеміз! Байланыс нөмірі: +7 708 541 0190, +7 701 715 7581 ▶▶▶ Подпишись на канал: / @ktktvchannel YouTube канал КТК жаңалықтары ► / @newsktk КТК в социальных сетях: Facebook ► / ktk.kz ► https://www.facebook.com/kazKTK/?fref=ts
Instagram ► / ktktv ► / ktktvkz Tik Tok КТК ► / tvktk Tik Tok Астарлы ақиқат ► https://www.tiktok.com/@astarlyakikat...
Вконтакте ► https://vk.com/ktk_kz
► https://vk.com/ktknewskaz
Twitter ► / ktk_news ► / ktknewskaz Одноклассники ► https://ok.ru/ktknews
Telegram ► https://t.me/ktknews
Смотрите также
