Атырауда 9 жастағы баланы соққыға жыққан студент ұсталды
Арнаға тіркел / Подпишись на канал: / @thesevennews Атырауда алаңсыз ойнап жүрген 4-сынып оқушысын ұрған 21 жастағы студент ұсталды. Ол 9 жастағы баланың бетін көгертіп, басын жарақаттаған. Қазір полиция қамауға алып, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті баланы не үшін сабаған? Дүйім жұртты дүр сілкіндірген оқиға қаладағы Алмагүл ықшам ауданында болды. 4-сынып оқушысы сабақтан соң, досымен бірге аулада ойнап отырған. Сол сәтте 21 жастағы студент еш себепсіз жеткіншекті ұра бастаған. Әлеуметтік желіге тараған бейнежазбада атпалдай азамат балаға жұдырық ала жүгіріп, кейін басынан бірнеше рет тепкен. Оны көршілері көріп, бірден араша түскен. «Қазір оқушының жағдайы бірқалыпты, бірақ қатты шошынып қалған», - дейді анасы. АЛЬБИНА БЕРҒАЛИЕВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ: Балам қатты қорқып қалған. Сол бойда бұтына сиіп қойды. Сөйлей алмай қалған. Жылаған. көршілер араша түсіп, аман алып қалды. Еш себепсіз ұрған. Ол кісіні танымаймыз. Сұмдық жағдайдан соң тұтас ықшам аудан тұрғындары: «Балаларымызды далаға шығарудан қалдық», - дейді. Ал мамандар жастардың мұндай қадамға баруына отбасында қолдаудың жоқтығы себеп деп отыр. ҚАРАС ҚАЗИЕВ, ПСИХОЛОГ: Көп жағдайда авторитет қажет, олардың достары. Отбасында психологиялық қолдау қажет. Қарапайым айтсақ, ата-ананың жасөспірім жастағы баламен сөйлесуі, нені қалайтыны, болашақта нені армандайтыны туралы диалог болса, ашық пікірталас болса қысым болмайды. Отбасында қолдау болмаса, мектеп пен қоғамда қолдау болмаса, агресивті мінез жайлап жиналып, бір күні сыртқа шығады. Қазір полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Жігіт кінәсін толық мойындаған. Бірақ неліктен мұндай әрекетке барғаны сол күйі белгісіз. Бір анығы, азамат ешқандай психикалық есепте жоқ. АМАН ИЗМАҒАНБЕТОВ, №2 ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Атырау қаласындағы аулалардың бірінде 9 жастағы жасөспірімді ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері 21 жастағы күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Жәбірленуші бала жеңіл дене жарақатын алып, оған психологиялық көмек көрсетілуде. Қорқып қалған оқушымен қазір психологтар жұмыс істеп жатыр. Денсаулығы бірқалыпты. --------------------------------------------- Официальный сайт «Седьмого канала» https://tv7.kz/ru/
Instagram: / tv7_kz TikTok: / tv7_kz Facebook: / tv7kz Telegram: https://t.me/tv7_kaz
#Жаңалықтар #жаңалықтар2025 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал