Аққу құрақ. Аққу құрағын тігу. Құрақ. Құрақ тігу. Акку курак. #Құрақ
Аққу құрағын тігіп үйрену үшін қажетті мата бөлшектері (өлшем бірлігі "см"): Турецкий велюр матасынан 4 дана ақ түсті шаршы, 7см × 7см; 2 дана ақ түсті шаршы, 7см × 7см. 8см × 8см өлшемдегі 3 дана ақ түсті және 3 дана көк түсті шаршылар (жартылай ақ, жартылай көк шаршы тігу үшін). 7см × 17см ақ түсті мата 7см × 32см ақ түсті мата / 2 дана. 8см × 8см көк түсті шаршы / 2 дана (бұл қанаттары үшін, ортасынан қиямыз, сонда 4 дана үшбұрыш болады). 17см × 17см көк түсті шаршы. Аққу тұмсығы үшін кішкентай қоңыр немесе қара түсті мата; Аққу көзі үшін кішкентай қара немесе қоңыр түйме (матамен тігуге де болады). Құрақтың шетін қоршап тігу үшін көк түсті мата жолағы қажет, өзіңізге қажетті жуандықта алуға болады (мендегі мата жолағының ені 5.5 см). ❗аққу құрағының (жиексіз) өлшемі 32см × 32см (тігіске 1-1см кеткенде, қалатын таза өлшемі 30см×30см ❗аққу құрағының жиегін қосып есептегенде өлшемі 39см×39см #құрақ #аққуқұрақ #құрақтігіпүйрену