G
enby!

ДЕПУТАТҚА МЫҢ АЛҒЫС

ЕР БОЛСАҢ, БОЛАТТАЙ БОЛ!.. Туған ауылыма барған сайын, ауылымның ажарланып гүлденіп отырғандығын қалаймын. Аллаға тәубе, соңғы жылдары ауылда біраз шаруалар атқарылды, бұл жайлы келер жолы тізбектейміз. Өткен аптада Бурабай ауданының мәслихат депутаты Болат Дәулетбекұлы Абдрахманов, Қызылағаш ауылының орта мектебіне демеушілік жасап, мәжіліс залына , заманауи экран алып берді деген соң, іссапардан келе жатып мектепке кіріп, көзбен көріп түсіріп алдым. Мектепте ұзақ жыл ағартушылық саласына еңбегі сіңген Әсия Молдашқызы, аудандық мәслихат депутаты Болат Дәулетбекұлына, мектеп ұжымының атынан алғысын айтты. Кезінде үш жүздің басын бір байрақтың астына жинаған Абылай хан бабамыздың атындағы ауылға демеушілік жасаған Болат бауырымыздың отбасына амандық тілейміз. Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаты алдағы уақытта Абылай хан бабамыздың суретін (мурал) мектептің қабырғасына салғызып беруге тырысамын,-депті. Істің ағы білмейді, ердің бағы біледі демекші, кәсіпкер азаматқа алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Жортқанда жолыңыз болып, жұлдызыңыз жоғары болсын ..! ЖЕҢІС Оспанов АБЫЛАЙ ХАН АУЫЛЫ БУРАБАЙ АУДАНЫ

Смотрите также