«Мәһдиді аңсау», «Longing for Mahdi». [Official Video]
“Мәһдиді аңсау”. Сөзі: Болат ҚОРҒАНБЕК,Елдос ЕМІЛ Әуені: Елдос ЕМІЛ Аранжировка : Бейбіт АҚОШ Сөгіп тастап қараңғылық пердесін, Серпіп тастап ғапылдықтың көрпесін. Сағынғаннан жұрт ізіңе ергесін, Махаббатың бар ғаламды өртесін! Қайырмасы: Қайдасың сен, ия, Мәһди?! Қайдасың сен, ия, Мәһди?! Сені қазақ сағынды! Іздей-іздей сабылды! Табамыз деп, іздейік, Үмітімізді үзбейік. Аллаһумма ғаджиль! Аллаһумма ғаджиль! Аллаһумма ғаджиль, Бизуһури хадрати Мәһди ғаләйһис-сәләм! Уә нузули хадрати Ғиса ғаләйһис-сәләм! Уә джәғәлнә мин ағуәниһимә! Уә джәғәлнә мин ағуәниһимә! Уә джәғәлнә мин ағуәниһимә! Дүниенің әуелі де – Мұхаммед, Қазақ айтқан, ақыры да – Мұхаммед! Жаратылған бар ғаламның маңызы, Сен – ақырдың шынға айналар аңызы. Қайырмасы: Қайдасың сен, ия, Мәһди?! Қайдасың сен, ия, Мәһди?! Атыңды да білгесін, Затыңды да білгесін, Сағынбай қалай тұрайық?! Іздемей қалай шыдайық?! Жан тілегін таппай сенсіз шаршаған, Жаралғалы барша ғалам аңсаған, Жан мен ділдің мұқтаждығы бар саған. Күн боп шықшы, махаббатпен қарсы алам. Ақ Пайғамбар Мұхаммедтің жұрыны, Хайыр ниса Фатиманың құлыны, Хасан менен Хусейіннің тұғыры, Аршлан Әли жүрегінің буыны!