Күн сайын өміріне қауіп төнетін мамандар | Біздің өнімді Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей алады
#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #Еңбекадамы 📌 Бүгінгі мамандық иесі - “МЕТАЛЛУРГ” мамандығы Адамзат өркениетінің қалыптасуына зор үлес қосқан, тарихы тереңде жатқан саланың бірі- металлургия. Ежелгі дәуірде отты игеріп, тасты темірге айналдырған бабаларымыздың ізін жалғаған металлургтер – бүгінгі таңда да өндіріс пен технологияның қозғаушы күші. Олар – табиғаттың қатал сынын жеңіп, жер қойнауынан алынған кенді өнеркәсіптің қажетіне жарататын, от пен темірдің тілінде сөйлейтін жандар. Қазақстан – табиғи ресурстарға бай ел. Менделеев кестесіндегі элементтердің көпшілігі біздің жерімізден табылады. Сондықтан да елімізде металлургия саласы қарқынды дамып келеді. Қара және түсті металлургия Қазақстан экономикасының маңызды бөлігі болып табылады. Металлургия кәсіпорындары ел бюджетіне қомақты үлес қосып, мыңдаған адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Бүгін біз осындай ауқымды әрі күрделі саланың белді өкілдері туралы айтамыз. Металлург – металдар мен қорытпаларды өндіру, өңдеу және оларға қажетті қасиеттер берумен айналысатын маман. Бұл мамандықтың аясы өте кең: кенді өндіруден бастап, оны байыту, балқыту, құю және дайын өнім алуға дейінгі барлық процестерді қамтиды. Металлургтердің білімі мен тәжірибесі арқасында біз күнделікті тұрмыста қолданатын автомобильдер, ұшақтар, құрылыс материалдары, тұрмыстық техника және басқа да көптеген бұйымдар жасалады. Қазақстанда металлургия өндірісінің ауқымы өте үлкен. Елімізде қара металдардан – шойын, болат, прокат өндіріледі. Түсті металдардан – мыс, мырыш, қорғасын, алюминий, алтын, күміс және басқа да сирек кездесетін металдар өндіріледі. Оның бәрі әлемнің көптеген елдеріне экспортталады. Бүгінгі таңда металлургия саласы жаңа технологиялар мен инновациялардың арқасында қарқынды дамып келеді. Автоматтандыру, роботтандыру үрдісі – металлургияның болашағын айқындайтын факторлар. Сондықтан да металлург мамандығы әрқашан сұранысқа ие болады. "Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер! Инстаграм: https://instagram.com/nartay_aralbayu...
Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev