Еске алу, "Ел үшін туған ер еді..."
Сыйласып елдің ізгі ардағымен, Араласып бетке ұстар саңлағымен Барында, жоғында да дәулетіңнің Алғысына бөлендің сен әулетіңнің! Бүгінгі еске алғалы отырған жанның ғұмырхаятындағы бүкіл болмысын ашарға пара-пар осы төрттаған шумаққа, «ел үшін туған ер еді…» деген теңеуді де қосуға болады. Ел аузында жүрген бұл тіркесті әркім әртүрлі тәпсірлейді, әртүрлі түсінеді. Біреулер – оны ерлік пен батылдықтың өлшемі тұтса, енді, бірі – еңбекқорлық пен білімпаздықтың белгісіндей көреді. Біз бұл сипаттың қай-қайсысымен келісеміз. Өйткені, бүгін біз еске алғалы отырған жанның бойына бұл қасиеттің бәрі бар-тұғын. Осы деректі бейнеміз де сол жанның осы қырларына тереңірек тоқталсақ дейміз. «ЕЛ ҮШІН ТУҒАН ЕР ЕДІ…» Адаев Жайлаш Ишанұлын еске алу