ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ «БАЛКЕРІМ» БӨБЕКЖАЙ БАЛАБАҚШАСЫ
Қазақ халқының нағыз азаматын тәрбиелеп өсіру негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп - ол балабақша. Балабақша келер ұрпақты еңбекке, өнер - білімге, елінің ар намысын қорғауға және ізгі адамгершілік ниеттерге баулиды. Балабақша - келешек, ел басқарар, жер суына иелік етер, ел халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя. Балабақшаның жақсы жетістіктерге жетуі, әрбір тәрбиешінің өз еңбенің нәтижесімен, жаңалығымен біліктілігі мен білімдерінің арқасы деп білеміз. Балабақша топтарында өз жұмысын жақсы білетін, бірінші, екінші санатты мамандар жұмыс жасайды. Сондай балабақшалардың бірі- Түркістан облысы, Жетісай ауданы ауданының Абай ауылындағы «Балкерім» балабақшасы. Түркістан облысы Жетісай ауданы Абай ауылында орналасқан Балкерім бөбекжай балабақшасы 2012 жылы пайдалануға берілген. 140 бала жас ерекшелігіне қарай 6 топта тәлім тәрбие алуда.