G
enby!

Роналдудан ОЛАР не зиян көрді?! Энрике Испаниядан кете ме? Мароккода той #53

Бұл – Соққы және гол! #53. Қонақта Дидар Есемов SOQQY - промокоды арқылы бонусқа ие болыңыз. Телеграмда күнде жаңалықтар шығып тұрады: https://t.me/soqqyjanegoal
Бізді іздесеңіздер:   / alimjanasqar   https://vk.com/beksultan000
   / tarazfifa   Дидардың жаңадан ашылған телеграм арнасы: https://t.me/angimeonair
1/8 финал аясында Марокко мен Испания құрамалары кездесті. Ойынның негізгі уақытында шабуыл аз болды. Жанкүйерлер соққы аз көрді. Сондықтан командалар есеп аша алмай, 0:0 есебі тіркелді. Артынша 30 минут овертаймда да құрамалар есеп аша алмады. Сондықтан жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Ал ойыннан кейінгі лотереяда Марокко құрамасы дәлдік танытты. Испандар үш пенальтиді де соға алмады. Осылайша, Марокко құрамасы тарихында алғаш рет әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Марокко енді ширек финалда Португалиямен кездеседі.   1/8 финалда Португалия құрамасы Швейцариямен кездесіп, қарсыласын тас-талқан етті. 17-минутта Гонселу Рамуш есеп ашты. Артынша бұрыштан әуелеген допты Пепе қақпада тулатты. Екінші таймда тағы бірнеше гол соғылды. 51-минутта Рамуш қанжығасын тағы бір майласа, көп ұзамай Рафаэль Геррейру есепті еселеді. Швейцариялықтар болса, Мануэль Аканжидің бір голымен жауап қата алды. Дегенмен матч нүктесін Португалия қойды - 67-минутта Рамуш хет-трик авторы атанды. Осылайша, Катардағы әлем чемпионатында алғаш рет хет-трик жасалды. Енді Португалия құрамасы ширек финалда Мароккомен күш сынасады.

Смотрите также