Аягөз ауданында жүздеген жанұя жалдамалы баспанасын жекешелендіре алмай жүр
Абай облысы Аягөз ауданында жүздеген жанұя жалдамалы баспанасын жекешелендіре алмай жүр. Үйлерін заңдастыра алмай қиналған мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы отбасылар облыс әкімінен көмек сұрайды. Олар жергілікті шенеуніктердің жауапсыздығына наразы. Себебі, мемлекеттік бағдарламамен берілген баспаналардың жері заңсыз болып шыққан. Талай табалдырық тоздырып шаршаған жандардың жанайқайын өңірдегі әріптесім Динара Ерболқызы тыңдап келді. Он баланың анасы Әлия Омарбаева 2021 жылы көппен бірге жалдамалы баспананың кілтін алып, бөркін аспанға атып қуанға еді. Биыл үйін жекешелендіруге мүмкіндік беретін жаңа заң шыққанда қуанышы еселенген. Бірақ баспанасын өз атына аударуға барғанда кедергілерге тап болыпты. ӘЛИЯ ОМАРБАЕВА Аягөз ауданының тұрғыны: Біз сол үшін күресіп, жан-жаққа арыз –шағымымызды тастадық. Біздің акиматтадағы отырған әкімшілік мырзаларымыз бізге «Сіздерге бұл жерді заңдастыра алмаймыз, себебі біздің үстімізден іс қозғалып жатыр қазіргі таңда бұл жердің бәрі заңсыз. Жер кадастр бөлімінің қағазы жоқ » деп жауап берді. Осылайша, көпбалалы отбасылар мен бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар жандар қазір кімнен көмек сұрарын білмей дал. Өйткені, шенеуніктер бір-біріне сілтеп мардымды жауап бермейді дейді. Жаңа заңның шарапатын көре алмай қиналған жұрт әкімдіктің әрекетіне қапалы. ОЛЬГА КӨШЕРОВА, Аягөз ауданының тұрғыны: Ертең біз привотизациядан өткізгенмен земельныйлер бізге жерді бермейді. Сонда біздің үйлеріміз воздухта тұр ма? Мына подрядчиктер воздухқа салды ма? Соны қалайша білуіміз керек? Соны міне министр земельныйға да біз обращение жасап отырмын. Бұл қалайша берген жер?Бұл кім сатып алып отыр бұл жерді? ДИНАРА ЕРБОЛҚЫЗЫ, тілші: Тұрғындар жекешелендіре алмай жүргені дәл осы жер үйлер. Бұл жерде 270 баспана бар. Ұзақ жылдар бойы күткен баспаналарына меншік құқығын ала алмай жүрген жандар талай табалдырық тоздырған. Әзірге ешқандай нәтиже жоқ. Аудан әкімінің айтуынша, жекешелендіру заңы күшіне енгеннен кейін ғана бұл үйлердің жері заңсыз екені белгілі болған. Қазір мәселе сот арқылы шешілмек. ДАНИЯР ШӘКӘРІМОВ, Аягөз ауданының әкімі: Бұл жерде халықтың кінәсі жоқ. Бұл жерде біз сол үшін әкімдік тарапынан бұл кісілермен тығыз қазір жұмыс істеп жатырмыз. Кездесіп те жатырмыз. Сол кісілердің арендасын тоқтату үшін біз қазір шешім шығарып, бүгін комиссия отырысы болады. Үйдің өзін жекешелендіре берсін деп. Сондай шешім қабылдаймыз. Атқамінер мәселені толық шешу үшін бір-екі ай уақыт керек деп отыр. Әкімге сенбейтін қараша бұл келеңсіздікке облыс басшысы назар аударғанын қалайды. #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #Новости #31канал