G
enby!

Марқакөлде 50 жыл жөндеу көрмеген қазандық жаңғыртылды

Марқакөлде жарты ғасыр жөндеу көрмеген жылу қазандығы жаңғыртылды, деп хабарлайды 24kz. Аурухана мен екі тұрғын үйге жылу берілді. Жалпы ауыл орталық жылу жүйесінен 30 жыл бұрын ажыратылған екен. Қазір желіні қалпына келтіру жобасы қарастырылып жатыр. Тақауда Ұлан ауданындағы Тавария ауылындағы қазандық та жөнделіп, әлеуметтік нысандарға жылу берілді. Марқакөл 28 жыл бұрын жылу желісінен ажыратылды. Күршім ауданына қосылған ауылдың коммуналдық шаруашылығы тұралап, көпқабатты үйлер автономды жылытыла бастады. Аурухана мен шағын қабатты екі үйді ғана жылытуға қуаты жететін бір қазандықты сақтап қалды. Елі жылдан бері жаңартылмаған нысан әбден ескірді. Биыл жөнделмегенде қыстан шығуы екіталай еді. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24

Смотрите также