Боратқа Вашингтон Пост бетінде жауап берген, Семей полигонының қасіретін БҰҰда таныстырған дипломат
English text is below Гаухар Әбдіғалиеваның өмірі шытырман оқиғаларға толы фильм секілді. Саналы өмірін АҚШ-та өткізген қазақ қызы туралы қазақстандықтар көп біле бермейді. Алайда Гаухар - отандастарымыз білуге, тануға тұрарлық жан. Ол 20 жылдай Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымдарында жұмыс істеп, 29-тамызды "Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы тұру күні" қылып қабылдауға себеп болған, Семей полигонының қасіретін халықаралық деңгейде таныстырған дипломат. Арғы аталары қазақтың соңғы билерінің бірі болған, Сәкен Сейфуллинмен туыстығы бар Гаухар сөздің құдіреті арқылы Саша Барон Коенге "Вашингтон Пост" газетінің бетінде қалай жауап бергені туралы, Америкалық рок-жұлдызға қалай тұрмысқа шыққаны туралы, және қазақ қыздарына өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығуға неге кеңес бермейтіні жайлы айтты. Бірнеше жыл бұрын клиникалық өлімді басынан кешіріп, осы тәжірибенің оның өмірін қалай және қандай бағытқа өзгерткені туралы баяндап берді 0:00:00 Анонс 0:01:03 Гаухар Алматының "золотой квадратында" аузына алтын қасық салып туған ба? 0:08:00 Гаухардың нағашы әжесінің немере ағасы - Сәкен Сейфуллин 0:10:41 "Әжемнің төрт ағасын большевиктер көзінің алдында атып өлтірген" 0:12:17 "Үлкен атам - қазақтан шыққан соңғы билердің бірі" 0:15:25 "Әлемге демократия неге керек?" деген тақырыпта дайындаған мәтіні Гаухарды 15 жасында АҚШ-тан бір шығарды 0:19:54 "Батыс Вирджинияға келіп, сиыр фермасының ортасына түстім" 0:24:00 "Қазақтың Покахонтасы". Қазақтар мен Американың байырғы халықтарының арасындағы туыстық байланыс туралы 0:30:20 "Қазақстан - бірінші, АҚШ - екінші, Малайзия - үшінші үйім" 0:33:05 Қазақтардың басқа халықтардан қандай айырмашылығы, немесе қандай ерекшелігі бар? 0:38:00 "Нью Йорк bubble-дардың ішіндегі bubble-ы" 0:39:09 Ғаламдық жылыну, климаттың өзгеруі - ойдан шығарылған нәрсе ме? 0:45:09 БҰҰ қазіргі әлемде керек пе? 0:51:22 Гаухар 29-тамыздан "халықаралық ядролық сынақтарға қарсы тұру күнін" қалай жасады? 0:59:15 БҰҰ-да жалақы қанша? 1:02:20 Саша Барон Коенге Вашингтон Пост газетінде жауап берген қаршадай қыздың хикаясы 1:07:32 `Қазақ есімдерінің құдіреті 1:11:11 Әлемдегі ең үздік онкологиялық орталықты және ондағы ең үздік сарапшылардың тәжірибесін Қазақстанға алып келу бастамасы сыбайлас жемқорлыққа соғылып, быт-шыт болғаны туралы 1:18:18 Ағайынды Қастеевтер мен АҚШтың денсаулық сақтау министрінің арасындағы байланыс туралы 1:20:13 Америкалық рок-жұлдызға тұрмысқа қалай шыққаны туралы 1:24:24 "Рок музыкасының вибрациясы өте төмен, денсаулыққа зиян әкелуі мүмкін" 1:27:33 Клиникалық өлімді басынан кешкені туралы, және осы оқиғаның өмірін қалай өзгерткені туралы 1:37:56 "Энергия - қазіргі күннің ақшасы". Кремний алқабының СЕО-ларының рухани өмірі туралы Гаухардың инстаграм аккаунты: @gauhara_abdigali "Ақ сәуле" арнасына сілтеме: / @aksaulea Лайк басып, пікір жазып, осы видеомен бөлісіп отырсаңыз, сапалы қазақша контентті таратуға мұрындық боласыз. Көп рахмет! The life of Gauhar Abdigalieva could easily be the plot of an adventure film. Although she has spent most of her adult life in the United States, few people in Kazakhstan know much about her. Yet Gauhar is someone truly worth knowing. For nearly twenty years, she worked within the structures of the United Nations, where she played a key role in establishing August 29 as the International Day against Nuclear Tests, bringing global awareness to the tragedy of the Semipalatinsk Test Site. Descended from one of the last Kazakh biys (traditional judges) and related to the prominent poet Saken Seifullin, Gauhar has carried forward a legacy of eloquence and conviction. In this podcast, she shares how the power of words helped her respond publicly to Sacha Baron Cohen in The Washington Post, how she came to marry an American rock star. She also opens up about a near-death experience that profoundly changed the course and meaning of her life.