САРАСӨЗ. Мәмбет Қойгелді. «Тәуелсіздік-ең басты құндылық»
00:01:19 – 00:02:48 (1 сұрақ) Отаршылдық саясат 2 жарым ғасырға дейін созылды, сол кезде мынау Патшалық Ресей мен Совет Одағының жүргізген саясатында Отаршылдық саясатында айырмашылық бар ма, жоқ па? 1891 жылы Патша үкіметі қазақ даласын басқаруға байланысты заң қабылдаған. Сол заңнын 14 бабында айтады: Қазақ қоғамында күмін тудыратын тұлғаны сот емес, прокуратура емес, генерал-губернатордың 5 жылға жер аударып жіберуіне қақысы бар дейді. Бірақ, Патшалық бәрің бірдей қырған жоқ. Бұндай қырғын Кеңес заманында болды. 00:02:48 – 00:05:40 ( 2 сұрақ) Мынау Алаш тақырыбы ұзақ жыл жабық тақырып болды. Өзіңізді 30 жылдан бері қазақтың үлкен азаматы, ғалымы ретінде осы тақырыппен айналысып келесіз. Енді 30 жылдан бері, аға, өзіңіз діттеген мақсатыңызға жете алдыңыз ба? Бұл мәселе әлі шешімін тапты деп айта алмаймын. Қазір 1, 2, 3 толқын Алашқа байланысты құжаттар жинағын даярлап жатырмын. Ол менің өмірлік арманым еді. Осыны биыл шығарсақ деп жатырмын. Бұл мәселе аяқталды деп айтуға ерте әлі. 00:05:41 – 00:07:19 ( 3 сұрақ) Алаш зиялыларының ең алдына қойған мақсаттары азат ел болу ғана емес қой. Сонымен қатар, биік дәрежеде дамып жатқан Еуропа елдері сияқты тілі, мәдениеті, ғылымы қоса дасмыса екен деген үлкен бір мақсат бар еді. Жалпы, осы Алаш зиялыларының қозғалысы неден басталды? Ең алдымен Азаттықты аңсағандықтан ба? Ұлттың өзіне сақтау деген иммунитеті болады. Ол сол иммунитеттен шыққан нәрсе. Оны қазаққа ешкім үйреткен жоқ. Мысалы, жерін сақтау. Ал жерді сақтау үшін қазақтың мемлекеттілігі болу керек. Мемлекеттілігің болмаса сен ел емессің. Біз мемлекеттілігімізді нығайтып, Алаш аңсағандай мазмұн беруіміз керек. 00:08:48 – 00:11:00 (4 сұрақ) Аға, мынау 2017 жылы Алаш ұлттық автономиясының, Алаш партиясының, Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына байланысты енді атап өтілді. Дегенмен, мынау Әлімхан Ермеков ағамыз сонау Ленинмен кездесіп, шекарамызды бекітті ғой. Осыған байланысты халық аңыз қылып айтып жатады. Соның қайсысы шындық? Ол біржақты түсінік. Ермековтың еңбегін ешкім төмендетпейді. Оның жақсы баяндама жасағаны, биік дәрежеде Ленинді қабылдағаны рас. Бірақ, ол елдің еркіндігі үшін басқаша да күресті ғой. 00:15:48 – 00:18:56 (5 сұрақ) Отаршылдық саясат, репрессияға ұшырау тек қана Орта Азия елдерінде ғана емес, мына Кавказ мемлекеттерінде, бәрінде де болды ғой. Бірақ, ойлап қарасаңыз, кейде салыстырамыз, сол кездегі қазақ зиялылары Ұлт-азаттық қозғалысты үлкен идеяға айналдырған тұлғалар көбірек болған сияқты деп айтуға болады әбден. Кеңес заманында да қанша мықты академиктер қырылды. Бұл саясат неге жүргізілді? Мысалы, Мұстафа Шоқайдың үйінде болдым. Қандай ғажап тұлға. Сол Шоқайға тиесілі құрмет көрсете алмай отырмыз, осында алып келе алмай отырмыз. Жастар Байтұрсыновтың сүйегінің қайда жатқанын білмейді. Біз осы екі тұлғаның сүйегін жерлейі ресми. Президент тапсырма берген, ал комиссияның нәтижесінде дұрыс шешім қабылдай алмады.