Алакөл ауданында Халықаралық қараттар күніне орай мерекелік шара өтті
"Қарттарым – асыл қазынам". Алакөл ауданында Халықаралық қараттар күніне орай мерекелік шара өтті. Аға буын өкілдеріне арналған салтанатты жиын, "Жанұя" отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ұйытқы болуымен жүзеге асты. Айта кетейік басқосуға Алакөл өңірінің қоғамдық өміріне атсалысып, ұрпақ тәрбиесіне араласып жүрген, зейнеттік жастағы 110-ға жуық ата-әже қатысты.