Нет ничего сильнее чем женская слабость!
Бақытты да емеспін, бақытсыз да емеспін, Сені көріп адастым ішінен көп елестің! Саған ғана тек бұл ән, айтылады деп тұрам, көктем түспей қойды ғой, көңілімде көк тұман! Көрмесем де қызғанам, сөйлесең де қызғанам, күннің түскен жүзіңе сәулесінен қызғанам!Сен де мені бір ұқшы, бар өкпені ұмытшы, мен дегенде мұздаған жүрегіңді жылытшы! Қалай сенсең ақталам, кінә артпасаң көп маған, менен артық тапсаң да сенен артық жоқ маған! Гүлназым, Гүлназым, Гүлназым нәзігім, сені сүйіп қалғаным ба, қалғаным ба жазығым!Ғашық болу, сезім шіркін ғанибет қой, Сүйіп қалу тұнып тұрған ауыр дерт қой, Сүймеймін деп өз өзіңді алдағанмен Жұдырықтай жүрегіңе әмір жоқ қой! Өздеріңді басқа әлем жаратқандай, Ғашық жүрек көздеріңе қаратқандай, Үлбіреген, үріп салған жүздеріңнен Жанға шуақ нұрымен таратқандай! Бозарып атқан таңым арай ма едің, Қызығып қылығыңа қарай бердім, Жаратушым соншалықты сүйкімді еткен Қарай бергім келеді, қарай бергім... Қозы Көрпеш Баяным, Сендерді сондай аядым, Ерік беріп сезімге, Ғашықтыққа бой алдың, Данияржан қарағым, Көңілге несін қарадың, Аттың басын жіберші Балқытып сезім қалауын! Данияр сен жарадың, Гүлназымды қаладың, Түнгі иттің шынжырын Тұсаулама жаралым....