G
enby!

"Он бестегі мама - 5" - ДНК қорытындысы/арнайы репортаж

Диана Құдайқұлованы әлеуметтік желіде білмейтін жан кемде- кем. Мектеп оқушысы 14жасында ана болып, 15 жасында тағы құрсақ көтерген. Оның екінші жүктілігі ел назарында өтті. КТК телеарнасындағы "Астарлы ақиқат" ток-шоуы қатарынан төрт бағдарламасын осы қыздың тағдырына арнады. Естеріңізге салсақ, өткен жылдың тамыз айында мектепте оқитын қызының аяғы ауыр екенін айтып Құрбанкүл Құдайқұлова редакциямызға арызданып еді. Айтуынша, жасөспірімді төсекке тартқан 24 жастағы Алмат Қалжанов есімді азамат. Алмат Диананың мектепте оқитынын білмедім деп ақталда. "Өзін 18 жастамын деп таныстырған. Менен басқа да жігіттері болған соң, құрсақтағы сәбидің әкесі мен емес болуым мүмкін" деп күмән тақты. Мектеп оқушысы 8-ші ақпан күні шекесі торсықтай ұл туды. Перзентханадан оны шығаруға анасы және біздің редакция барды. Жас ана өзінің де, сәбиінің де жағдайының қалыпты екенін айтады. Қазір олар жалдамалы үйде тұрып жатыр. Жас қызды жүкті етіп, тастап кетті деп айыпталған Алмат Қалжанов ДНК сараптамасын тапсырды. Арнайы репортажда ақиқат ақтарылады.

Смотрите также