G
enby!

Әлем чемпионы А.Сұлтанғали туған жерге оралды

#qyzylordatv Хорватиядағы Әлем чемпионатынан олжалы оралған грек-рим күресінің шебері Айдос Сұлтанғалиді қызылордалықтар сән-салтанатымен әуежайдан күтіп алды. Естеріңізге салайық, 60 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеген қазақ палуаны финалда Өзбекстан спортшысы Алишер Ганиевті 9:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді. Яғни, араға 26 жыл салып Қазақстан грек-рим күресінен алтын олжалады. АЙДОС СҰЛТАНҒАЛИ – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ //Осы қанша халықты жинап, күтіп алып жатқандарыңызға рақмет. Өте қуаныштымын. Шамалы толқып тұрғаным да бар. Әрине, көп жылдық арман, бізге бір мүмкіндік болды ол мүмкіндікті біз просто так жіберіп алу болмайтын болды. Қанша жыл қазақтың күткен алтыны десем болады. Сондықтан да, барымызды салып тек алтынды алып келу керек болды. Енді түпкі мақсат келесі жылы Азия ойындары. Сол жақа барып топ жарса деген үміттеміз. Сосын 2028 жылы Лос-Анджелес болатын олимпиада да алтын тағамыз деген сенімдеміз. 100% өзімді көрсете алдым деп айта аламын. Қарсыласпен күресіп келгеннен кейін, күшім күшіме қосылып, бір артқан сияқты болды. Ұшып келушілерді қарсы алу залы лық толы.Бишілер мың бұрала іс-шараның көркін келтірді. Әннен шашу шашылып, жыр боп төгілді. Ол аз десеңіз, Сыр жұртшылығының ыстық ықыласы, зор қошеметі, қазыналы қарияның ақ батасы бәрі-бәрі таза жеңіспен оралған палуанның құрметіне! Әлемді мойындатқан Айдостың бапкеріне де қанат біткендей, марқайып келді. Өйткені бұл жеңіс, бір күндік емес, күн сайынғы еңбектің жемісі. Бұл –қайсар рухтың, ерік-жігер мен табандылықтың жеңісі. ҒАБИДЕН РАЙЫМБЕКҰЛЫ – А.СҰЛТАНҒАЛИДІҢ ЖЕКЕ БАПКЕРІ // Қазақ еліне, Сыр еліне сыйлап жатқан жеңісі. Әрине оңай келген жоқ, ол Айдостың қаншама жылдар еңбегі, жасаған еңбегі, тері. Енді осымен әлде де Айдос тоқтап қалмайды, құдай қаласа алда талай жетістіктерге жетіп, қазақтың туын желбіретіп, әнұранын ойнатып, үмітін ақтайды деп сенеміз. Осы жердегі спортшыларға осы Айдос ағасының жолдарын берсін. Еңбек етіп, өздеріне сенім білдіріп, осы Айдостың артынан мықты-мықты батырларымыз, спортшыларымыз олимпиада чемпиондары шыға берсін. Айдостың алтыны жас буынға жалын мен жігер сыйлады. Олар да жеңістен үмітті. ЕРНҰР ӘБДІБЕК – ЖАНКҮЙЕР // Мен Айдос ағаның жанкүйерімін. Айдос аға қатысатын грек-рим күресіне менде қатысамын. Болашақта Айдос ағамыз сияқты мен де әлем чемпионы болғым келеді. Менде үлкен жетістіктерге жеткім келеді. Осылайша Сұлтанғалидай сайыпқыранның жеңісі - ел мерейін тасытты. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live
Facebook -   / qyzylordatv   Instagram -   / qyzylordatv   Telegram - https://t.me/qyzylorda_tv
Tiktok -  / qyzylorda_tv  

Смотрите также