Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл: ақын жайлы тың дерек табылды
КАНАЛҒА ТІРКЕЛ / ПОДПИШИСЬ НА КАНАЛ: https://www.youtube.com/c/KhabarNEWS?...
Қазақтың дауылпаз ақыны Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы әлі де толық зерттелген жоқ. «Оның тағдырына қатысты кейбір деректер тарихта бұрмаланған», – дейді ақынның туған ауылында тұратын Дәулетқазы Мұқадиұлы. Өлкетанушының қолында бұл сөздерін дәлелдейтін құнды жәдігерлер бар екен. Қызыл Көшен тауларының етегіндегі мына алқапта Қасым Аманжоловтың әкесі Рақымжанның қыстауы болған. Дәл осы жерде дауылпаз ақын дүние есігін ашыпты. Сол кезде кіндік шешесі Шәрия Садыққызына қазақы салтқа сай таза күмістен жасалған екі білезік пен екі күміс сақина сыйлаған. «Бүгінге жеткен бұл жәдігерлер Рақымжан әулетінің ауқатты тұрғынын тағы да айғақтай түседі», – дейді өлкетанушы Дәулетқазы Мұқадиұлы. Дәулетқазы Мұқадиұлы, өлкетанушы: Рақымжан өзі бай, өзі сері жан болған екен. Ат жүгірткен. Байлығының белгісі Тайжүзген деген сабаға қымыз ашытады екен. Төрт бұрышынан төрт жігіт піседі екен. Тайжүзгендегі саба шамамен 500 литрдей болады ғой. Оны түгел ауыл-аймақ ішпей ма?! Сонда күніне төрт жігіт піскенде, әрқайсысына жібек көйлек пен бір-бір тақта шәй береді екен. АРНАМЫЗДЫҢ ҮЗДІК ЖОБАЛАРЫ / ТОПОВЫЕ ПРОЕКТЫ КАНАЛА: Отдел журналистских расследований • Отдел журналистских расследований «Бүгін» ток-шоуы • «Бүгін» ток-шоуы «Khabarlas» • «Khabarlas» #БілімжәнеғылымХабар #ХабарЖаңалықтар #ХабарNEWS