ҚАЛА ӘКІМІ ҒАСЫР ЖАСАҒАН АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АНАЛАРДЫ АРДАҚТАДЫ
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, қала басшысы Гүлжан Құрманбекова бір ғасыр жасаған аналардың шаңырақтарында болды. Кездесуде қала басшысы әулеттің берекесі мен ұйытқысына айналып отырған аяулы жандарды келе жатқан мерекемен құттықтады.Ар-намысты жалау еткен асыл аналарды ардақтау шарасы барысында қала басшысы әр анамен жеке сұхбат жүргізіп, мерекеге орай сый-сияпат жасады.