G
enby!

Кете деген бір ел бар.

Өлең авторы Серік Ыдрысов. Орындаған.Әділхан Куаңбайев Серік ЫДЫРЫСОВ, ақын, Қазақстанның өнер қайраткері, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың аға оқытушысы. Шораяқтың Омары шыққан әулеттің ұрпағымыз. Әкемнің нағашысы Жүсіп ахун деген атақты кісі болған. Сол ақынның Бибісара деген қызынан менің әкем, әкемнен мен туылғам. Әкем Махмұт Ыдырысұлы анам Күләйша Қойшыбайқызы екеуі 10 бала тәрбиелеген.  Ол өте салмақты, айтар сөзін барынша ұғынықты, түсінікті етіп, құлағымызға құйып жіберетін. Бізге Шораятың Омары мен Тұрмағамбеттің термелерін жаттатып, мақал-мәтел, шешендік сөздерді көңілдеріңе тоқыңдар деп тапсырма беретін. Барлығымызды жыраулар мен Сыр сүлейлерінің сөздерімен жаттықтырды. Әкем мен анам кең далада қой баққан. Сонда біздің қойнымызға «Абай жолы», «Ботагөз», «Аққан жұлдыз» атты кітаптарды салып жіберетін. Қой бағып жүріп сол кітапты оқып, қызығына кіріп кеткенде талай рет қойды бөліп алатынбыз. Негізі бізді өнерге тәрбиелеген әкем мен анам десем, артық айтқандық емес. Ен далада қой бағып жүрсек те «Көшпенділер», «Үркер» атты кітаптарды оқытты. Тіпті кей перзенттерінің атын сондағы кейіпкерлермен  атағаны да бар. Өнердегі мектебім – дала, ұстазым – ата-анам. Қай жерде жүрсек те әкем сол жердің тарихын, қадір-қасиетін, астымызға мініп жүрген тұлпардың түр-түсін, ат әбзелдердің қажеттігін, қамшы, дойыр, шоқпардың не екенін үйретті. 7 сыныптан бастап ақындық өнерге бастаған екен.

Смотрите также