Жалған жәрдемақы алуды қалай доғарамыз? Шын мұқтаждар көмекке жете алмай жүр
Бүгінгі шығарылымда: Қазақстанның әлеуметтік көмек жүйесі бүгінде қиын сынақ алдында тұр. Мемлекет миллиардтаған қаражат бөлсе де, еңбекке қабілетті мыңдаған азамат өз еңбегінен гөрі, әлеуметтік төлемге тәуелді болып қалып барады. Бұл – тек қаржылық мәселе емес, тұтастай қоғамның рухани және экономикалық қауіпі. Арнайы репортажда әлеуметтік масылдықтың түпкі себептері мен салдарын ашық талдай отырып, мемлекеттік қолдаудың қай кезде қажет екенін және қай кезде асыра пайдаланылып жатқанын саралауға тырыстық. Репортажда психология ғылымдарының кандидаты Алмат Нұрадиновтың сараптамалары, зейнеткер Еркін Томпиевтің өмірлік ұстанымдары және әлеуметтанушы Перизат Бурбаеваның пікірлері әлеуметтік масылдықтың кең көлемді әрі күрделі құбылыс екенін жан-жақты ашады. Бюджетке түсетін ауыр салмақ пен халықтың өсімінің төмендеуі, кеңестік кезеңнен қалған масылдық менталитеті, табыс жасырынуы, әлеуметтік төлемдердің тиімсіздігі – бәрі бұл мәселенің шешімін талап етеді. Президент Тоқаевтың «Әлеуметтік масылдықты доғару керек» деген қатал ұстанымы мен үкіметтің цифрлық платформа арқылы бақылауды күшейтуі – қоғамдағы әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталған нақты қадамдар. Бұл репортаж – әлеуметтік қолдаудың шынайы бейнесін ашып, қоғамның өзара жауапкершілігі мен еңбек ету мәдениетін көтеруге шақырады. Әр теңгенің есептеліп, әр адамға әділ қаралатын қоғамды қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Құрметті көрермен, сіз қалай ойлайсыз, мемлекеттің масылдықпен күресуі қаншалықты орынды? Зейнеткерлер, балалар мен көпбалалы аналарды масылдар қатарына жатқызған дұрыс па? Сіздің пікіріңіз біз үшін аса маңызды. Өз ойыңызбен бөлісіңіз.
Смотрите также
