САНА. Ояну үшін оқу
Спикерлер: 1. Бақытжан Бұқарбай, «Forbes Kazakhstan» журналы қазақ редакциясының бас редакторы 2. Әсет Құранбек, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының меңгерушісі 3. Перизат Мырзахмет, сценарист-редактор, креативті продюсер 00:00 Сәлемдесу 01:00 Оқырмандардың профилін сызып көрсек қандай панорама шығар еді? 01:30 Бақытжан Бұқарбай: Кітаптың жанрына байланысты оқырманы болады 04:01 Перизат Мырзахмет: Қазір кітапты жастар көбірек оқиды. Есейген сайын сананы тұрмыс билеп кетеді 06:47 Ересек адамдардың кітап оқу дәстүрі қалыптасқан ба? 07:25 Әсет Құранбек: Мамандар өздерінің зерттеп жүрген дүниелеріне ғана қатысты кітаптарды оқиды 09:00 Кітап оқудағы, кітап мәдениетін қалыптастырудағы, білім берудегі теңсіздіктер туралы 09:31 Бізде оқу мәдениетіне байланысты зертеулер неге жоқ? 11:00 Адам баласы не үшін және кім үшін оқу керек? Оқудың мәні не? 16:03 Перизат Мырзахмет: Кітап адамның тұлға болып қалыптасуының кепілі 19:27 Кітап оқу мен өмірді оқу бір-бірімен байланыса ма? 22:02 Бақытжан Бұқарбай: Жарнама арқылы келген кітаптар мақсатқа емес эмоцияға жұмыс істейді 29:20 Қоғамда баланың біліміне инвестиция құю мәдениеті бар ма? 33:00 Перизат Мырзахмет: Қоғамның кітап оқуына әсер ететін ең үлкен күш – медиа 36:00 Қазақтілді оқырман мен орыстілді оқырманның арасында айырмашылық бар ма? 37:06 Бақытжан Бұқарбай: Қазақ қоғамында кейбір жанрдағы кітаптарды оқу мәдениеті әлі қалыптаспаған 38:00 Бақытжан Бұқарбай: Көп оқырманның азамат ретінде санасы әлі қалыптаспаған 40:13 Әсет Құранбек: Мықты еңбектер әлі бізге қолжетімсіз. Қазақ тіліне аударылмаған 42:01 Батыс құндылықтары туралы 45:08 Діни басқарманың «Кемел адам» жобасы жайында 46:00 Қазақстанда баспа ісі индустрияға айналды ма? 51:00 Тоқырау кезеңінде адамдар интеллектуал өнімдерге үнемдеген