«Шеберлер шеруі» мегафестивалі 200-ден астам шеберді біріктірді
Ақтөбеде қолөнер шеберлерінің басқосуы өтті. Шара барысында ісмерлер қолмен тіккен құрақ көрпелерін көпшілік назарына ұсынып, ұлттық киім үлгілерін көрсетті. Сондай-ақ танымал шеберлер қонақтарға арнап шеберлік сағатын өткізді. Екі күнге жалғасатын бұл фестивальді облыс әкімдігінің қолдауымен «Бақытты отбасы» ақпараттық-кеңес беру орталығы ұйымдастырды.