G
enby!

Садыр Жапаров: Кенесары өз әрекетіне лайықты жауап алды

Қырғызстанда қазір Кенесары ханға қатысты мәселе тағы да көтерілді. Қазақ пен қырғыз тарихындағы келеңсіз жайтқа келгенде екі ел халқы өре түрегелетіні жасырын емес. Осы жолы тақырыпқа қатысты көрші елдің президенті Садыр Жапаров өзі пікір білдірді. Ол Facebook парақшасында Кенесары хан мен Ормон хан арасындағы қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасады. Еске салсақ, 1847 жылы қырғыз манаптары қазақтың соңғы ханы Кенесарыны өлтірген еді. Сол кезден бері Хан Кененің басы әлі табылмай келеді. Осы оқиғалар жайлы жаза келе Садыр Жапаров қазақ пен қырғыз бір туған деп, екі елдің арасында арандатушылар от салғысы келетінін айтады. Ол әлеуметтік желісінде «Кенесары хан – нағыз батыр болған! Бірақ қырғыз жеріне басып кіргенін және сол әрекетіне лайықты жауап алғанын жоққа шығаруға болмайды» деп жазды. Оның жазуынша, ол соғыста орыс әскері қырғыздарға көмекке келмеген. Садыр Жапаров Кенесарының басы қайда кетті деген мәселеге де жауап іздеп көреді. Жүргізуші: Нағашыбек Алдан Мәтін авторы: Бақытжан Ербасов Telegram Qaz - t.me/QazAqparat_kz Telegram Rus - t.me/kazinform_news Instagram - / @kazinform_kz Instagram - / @kazinform Facebook - / @Kazinform Facebook - / @Казинформ Jibek Joly online: https://jjtv.kz/kk/live
Cайт - https://kaz.inform.kz/
#kazinform #қазақпарат #Жаңалықтар

Смотрите также