ҚАЗАҚ АРУЫ 2016👑 | QAZAQ ARUY 2016👑 TOLYQ NUSQA
«Қазақ аруы» - заманауи үрдістер мен ұлттық құндылықтарды бейнелейтін ерекше сұлулық байқауы. «Қазақ аруы» - жүрегі мейірімге толы, терең ойлы, тілі шұрайлы, дәстүрге адал, білім мен мәдениетті бойына сіңірген нағыз қазақ қызының символына айналды. Бұл байқау – ұмыт бола бастаған салт-дәстүрді қайта түлетіп, ұлттың рухани мұрасын жас ұрпақтың санасына сіңіруді мақсат етеді. Мемлекеттік тілді ұлықтап, жүректе елге деген сүйіспеншілікті оятатын тәлім мектебі десек, артық айтқандық емес. Жыл сайын «Қазақ аруы» байқауы ұлттық рух пен тәрбиенің шамшырағына айналып, елдің ертеңін тәрбиелейтін, отбасының берекесін ұйытатын, болашақтың шырақшысы – қазақ аруының асқақ бейнесін сомдап келеді.