Салауатты өмір салты. Салауатты өмір салтын құрастырушы факторлар.
Салауатты өмір салты. Салауатты өмір салтын құрастырушы факторлар. Теңгерімді тамақтану, жеке гигиена, дене белсенділігі, еңбек және демалыс режимі, жаман әдеттерден аулақ болу. Жалпы «Салауатты өмір салты» дегеніміз не? Бұл адам тіршілігіне қажетті барлық салаларды, яғни тамақтанудан бастап дене белсенділігіне дейін қамтитын күрделі ұғым. Негізгі қағида – аурулардың алдын алу және денсаулықты нығайту. Салауатты өмір салтын құраушы факторлар: теңгерімді тамақтану гигиена дене белсенділігі еңбек және демалыс режимі жаман әдеттерден аулақ болу. Теңгерімді тамақтану Дұрыс тамақтанусыз салауатты өмір салтын ұстану мүмкін емес. Тамақтану мәдениетін сақтау өте маңызды, яғни теңгерімді және адам ағзасына қажетті тағамдарды тұтыну қажет. Теңгерімді тамақтанудың бірнеше ережелері бар: табиғи өнімдер; тіс басарлар; әр түрлі тағам; тамақтану режимі. Жеке гигиена Міндетті түрде жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау қажет. Жеке гигиена ережесі: 1)Дене гигиенасы. Тері – ағзаны сыртқы әсерлерден қорғайды және газ алмасу, жылу реттеу секілді күрделі қызметтерді атқарады. Жылуды реттеуде тер бөлінуінің рөлі зор. 2)Шаш гигиенасы. Шаштың дұрыс күтімі қан айналымын және майбез қызметін жақсартады. Әр адамның жеке орамалы болуы қажет. 3)Ауыз қуысының гигиенасы. Ауыз қуысының дұрыс күтімі тістерді сақтайды, жағымсыз йістен қорғайды. 4)Сырт киім мен аяқ киім гигиенасы. Сырт киім таза, әрі ауа-райына сәйкес таңдалғаны жөн. 5)Жатын орнының гигиенасы. Әр адамның өз жатын орны болуы тиіс. Ұйықтар алдында бөлмені желдетіп тұру қажет. Іс-қимыл белсенділігі Адам дене жаттығуларын әрдайым орындап отыру қажет (мысалы, таңертеңгілік сергіту жаттығулары, таза ауада серуендеу). Әрине, жас және физиологиялық ерекшеліктерді ескерген абзал! Еңбек және демалыс режимі Еңбек және демалыс режимі – салауатты өмір салтының маңызды бөлігі. Күн тәртібінде адам жұмысқа (оқуға), ұйқыға, денсаулыққа және көңіл көтеруге де уақыт таба білу қажет. Жаман әдеттерден аулақ болу (темекі, ішімдік, есірткі заттар) Мұндай заттар көптеген аурулардың басты себебі болып табылады, оған қоса өмірді қысқартып, еңбек қабілетін де төмендетеді. Жоғарыда аталған салауатты өмір салтының маңызды факторлары адам ағзасын нығайтып, әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шаралар жиынтығы. #салауаттыөмірсалты #здоровыйобразжизни #здоровье #денсаулық #основыздоровогообразажизни #чтотакоезож #мызаздоровый образ жизни