Отбасының шырқын бұзатын кімдер?| Жансая Мұратбекқызы,Дидар Советбеков| LStories Ләйлә Сұлтанқызымен
Бұл шығарылымда LStories студиясында – сахнаның сүйікті стендапері Жансая Мұратбекқызы мен оның жолдасы, тұйық та терең мінезді Дидар Советбеков. Олар отбасылық өмір, ауылдағы жағдай, шығармашылық, тәрбие, жеке кеңістік пен эмоциялық жақындық туралы ашық әңгіме өрбітті. Бір жылқыға бағаланған қалыңмал, ене мен келін қарым-қатынасы, сахнадан тыс өмірдің тынысы, көзге көрінбейтін күрестер мен ішкі сырлар – бәрі осы эпизодта. Жансаяның ел білмейтін қыры, Дидардың үнсіз қарсылығы мен балаларына деген көзқарасы – көрерменнің жүрегіне жол табары сөзсіз.