G
enby!

Махаббаттың мәні [аудиокітап] Санжар Керімбай

Махаббаттың мәні [аудиокітап] Санжар Керімбай Мұхит Төлеген Сәкен Нұрқабекұлы Әділбек Нәби Біз неге бұл жолы Махаббаттың мәнін іздеп, терең үңілдік? Себебі бүгінгі қоғам махаббат мәселесінде тығырыққа тірелді. Махаббат әлемдегі барлық зұлымдыққа қарсы тұратын қуатты күш ретінде ұлықталады. Сөйте тұра махаббатты жалау етіп үйленгеннің дені аз уақыт ішінде сезімінің қайда қалғанын білмей жатады. Қазақстанда үйленген үш жұптың екеуі ажырасып тынады. Лапылдаған ыстық сезім эйфориясынан жатырға біткен шақалақ тумай жатып қоқыс пен әжетханадан табылды. Бір заманда сүйіп қосылған ғашықтар қалайша бір-біріне жек-көрінішті, суық адамға айналып кеткенін өздері түсінбей қалды. Махаббат қалай пайда болды, қалай түрленді, қалай тоқырады? Бұл сұрақ көп адамға жұмбақ. Бұл көріністің қалыпты жағдайға айналғаны сонша, қазір махаббат жағымсыз реңге еніп үлгерді. Махаббат бейберекет жүріс, албаты қарым-қатынас, төсек деңгейіндегі құбылысты елестететін күйге жетті. Қазір Отбасы хрестоматиясы мүшелерін «Махаббаттың мәні» деген сұрақпен мазалайтын ерлі - зайыптыларда есеп жоқ. Қоғамдағы осы проблеманың түпкі табиғатына үңілу үшін махаббатқа онтологиялық таным негізінде талдау жасадық. Құрғақ моральдан қашуға тырыстық. Сезімі тұйыққа тірелген жас жұбайға ағыл-тегіл ақыл айтып көнбістікке, мағынасыз сабырға шақырмаймыз. Біз «Махаббаттың хикметі не?», «Тәңірі бұл сезімді адамға қандай хикметпен сыйлады?», «Болмыстық әлемде оның шынайы табиғаты қандай?», «ХХІ ғасырда махаббатқа орын қалды ма?» деген сұрақты жүйелі талдауды мақсат тұттық. Бұрынғы дәруіштер «Білмей тақуа болған жынмен тең» депті. Осы тәмсілді сәл өзгертіп, «Махаббатты танымай ғашық болғандар ажырасып тынады» дегіміз келеді. Махаббаттың тәңірлік шынайы табиғатын терең танығыңыз келсе осы кітаптың бірінші бетінен бастап оқи беріңіз. #қазақшааудиокітап #Махаббаттыңмәні #санжаркерімбай #аудиокітап #қазақшааудиокітаптар #Отбасыхрестоматиясы #аудиокітаптар #шынайымахаббат #санжар #аудиокітапМахаббаттыңмәні #аудиокітап #махаббат #романтика #МұхитТөлеген #оқымыстылар    • Махаббаттың мәні [аудиокітап] Санжар Керімбай      • Махаббаттың мәні [аудиокітап] Санжар Керімбай      • Қараш-Қараш оқиғасы [аудиокітап] Мұхтар Әу...  

Смотрите также