"Әдепті бола біл" - Баланың дамуына арналған танымдық ән. Развивающая детская песенка
Қадірлі достар! "Көкіл tv" арнасы "Әдепті бола біл" атты әсем әуенді, 3D анимациялық мультихикаясын назарларыңызға ұсынады. Аталған мультихикаяның кейіпкерлері балаларға сыпайы болудың маңыздылығын түсіндіреді. Ата-анамызға, жақындарымыз бен таныстарымызға үнемі жылы сөз айту арқылы әр жүрекке мейірім шуағын себетініміз анық. Міне, бұл бөлімде біздің кейіпкерлеріміз әр атқан таңға, жарық күнге қуана білу қажет екендігін сезінді. Жақсылық жасаудан жалықпаудың маңыздылығын ұғынды. Осы мақсатта «Көкіл tv» арнасы қазақ тіліндегі танымдық, ақпараттық бейнероликтер ұсынуды жалғастыра бермек. Мұнда 3D элементті анимация, музыкалық номер, қызықты әрі танымдық көріністер сақталады. Зиялы қауым өкілдері – ақындар мен әртістердің, тарихшы, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің, ән өңдеушілердің бірлескен жұмысының нәтижесінде сапалы жұмыс жасалып, әр баланың жан-жақты білім алуына барынша үлес қосудамыз! Сонымен қатар, «Көкіл tv» арнасы ұсынған әр жоба ерекше әрі маңызды. Жеңіл, тез жатталатын әуендерді қолдану арқылы баланы санауға, түстерді үйренуге, жолда жүру ережелерін сақтауға үйретеміз, әдептілік қағидаларын бойына сіңіруге тырысамыз. Біз баланың санасында тек жақсылықтың, мейірімділіктің сақталғанын қалаймыз, сондықтан да әр бейнероликтің дайындалуына, мәтіннің дұрыс болуына баса назар аударамыз. Халқымыздың ән өнерін, әдебиеті мен мәдениетін, ана тілімізді, салт-дәстүрлерімізді жандандыруға үлес қосу, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, кішкентай қазақстандықтардың бойына ұлтжандылық сезімін ұялату – "Көкіл tv" арнасының басты мақсаты! Дорогие друзья! «Көкіл tv» представляет вашему вниманию «Әдепті бола бiл» - мультфильм на казахском языке с элементами яркой 3D анимации и музыкальными номерами. В этом мультфильме наши герои расскажут о том, как важно быть вежливым и воспитанным ребенком, говорить родителям приятные слова, быть внимательными в пути, ценить дружбу, радоваться каждому дню и делать добрые дела. Наши истории создаются инициативными представителями современной интеллигенции – учителями казахского языка и литературы, историками, музыкантами, поэтами и артистами – объединившимися, чтобы создать для вашего ребёнка лучшие условия обучения. Все песни, представляемые проектом «Көкiл tv», созданы с учетом всех положительных факторов детского восприятия. В каждой из них есть своё созидательное зерно: обучение счету, цветам, хорошим манерам, правилам дорожного движения и т.д. Они легко запоминаются, а смысл текстов надолго запечатлевается в памяти ребёнка, поэтому их создатели вкладывают в слова только самое доброе и правильное. Формирование духовных ценностей среди маленьких казахстанцев, возрождение традиций, родного языка, музыки и литературы – это и есть одна из главных целей проекта «Көкiл tv».