ТЕМЕКІНІҢ ТӘЛКЕГІ | АЙТЫЛМАЙ ҚАЛМАСЫН
ТЕМЕКІГЕ ТОСҚАУЫЛ БОЛАМЫН ДЕП сотталып кетті! Ақтөбе облысы Мәртүк ауданында Ресеймен шектесетін “Жайсаң авто” кеден бекеті бар. 2019 жылы сол жерден 40 тонналық Фура “қарбыз” алып өтеді. Сөйтсе, накладнойдағы қарбыз шын мәнінде акцизсіз темекі болып шығады. Аттай 611 мың 960 қорап. Қаржылай құны 244 млн. тг❗️ Сол кездегі Мәртөк аудандық ПБ тергеу бөлімінің басшысы Айбат Ерғалиев заңсыз затты тәркілеп, қылмыстық іс қозғайды. Ары қарай құжат-анықтамасы жоқ күмәнді заттың тағдырын сот шешеді. Аудандық сот: сатуға рұқсат жоқ жойылсын дейді. Ерғалиев жоюға прокурордан рұқсат сұрайды. Аудан прокурорының м. а. А. Махамбетжан Ақтөбе облыстық сотқа шағымды өзі түсіреді. Облыстық сот судьясы Н. Ормаханов аудандық судья Нұршарыповтың қаулысын бұзып: контрабандалық жолмен келген темекілерді сатуға рұқсат береді! Сату үшін тергеу бөлімінің бастығы әкімге жүгінеді, олар “Adele Invest” деген ЖШС серіктестік табады. Ерғалиев уһ деп 611 мың 960 қорапты санап осы фирмаға өткізеді. Арада 2 жыл өтеді. Не темекі жоқ, не одан түскен мемлекетке 1 тиын пайда жоқ❓ Алайда, көлеңкелі жолмен темекі өнімдерін алып өтпекшілер емес осы істі тергеген тергеуші істі болып, сотталады. 612 мың қорап темекінің бір данасына тиіспеген тергеуші Айбат Ерғалиевтың бұлыңғыр ісіне әділеттік талап етіп, жұбайы біздің ютуб каналға жүгінді. Айтылмай қалмасын!