Бейнелеу өнері сабағында Quiver қолданбасын пайдалану
Quiver қолданбасы арқылы оқушылардың бояған суреттерін жандандыру. Суреттерді 3D форматта көру. Quiver – бұл арнайы 3D анимациясы бар бояу парақтарын қолдануға мүмкіндік беретін қосымша. Бұл қосымшаның көмегімен балалар өздері бояған суреттерді тірілтіп, оларды үш өлшемді пішінде көре алады. Quiver қолданбасының пайдасы өте көп. Біріншіден, бұл қосымша балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Олар әртүрлі суреттерді бояп, сол арқылы өз қиялын жүзеге асырады. Екіншіден, Quiver балалардың визуалды ойлау қабілетін жақсартады, себебі олар боялған суреттерді 3D форматында көргенде, олардың пішіндері мен түстері туралы түсініктері кеңейеді. Үшіншіден, Quiver қолданбасы балалардың технологиялармен танысуына мүмкіндік береді. Смартфон немесе планшет арқылы қосымшаны пайдалану, балаларды технологиялық сауаттылыққа баулиды. Сонымен қатар, Quiver оқыту үдерісін қызықты әрі интерактивті етеді. Балалар өздері жасаған жұмыс нәтижесін көріп, үлкен қанағат сезіміне бөленеді, бұл олардың оқу белсенділігін арттырады.
Смотрите также
