Арал ауданында 30 шақырымнан астам жол жөнделіп жатыр
#qyzylordatv Президент Халыққа Жолдауында негізгі дәліздер аясында автомобиль жолдарын дамытуға баса мән берген жөн деді. Соның ішінде «Сексеуіл-Бейнеу» жолының құрылысын тездетуді тапсырды. Осы жолдың арқасында Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан Еуропаға жүк тасымалдау мерзімінің үштен бірі қысқаратынын айтты. Жалпы қазіргі таңда елімізде 13 мың шақырым автокөлік жолдары салынып, жөнделіп жатыр. Мәселен, Арал ауданында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері», «Моно және шағын қалаларды дамыту» және «Ауыл-ел бесігі» бағдарламалары аясында 30 шақырымнан астам жол жөнделіп жатыр. Ірі жобалардың бірі Арал қаласындағы Бақтыбай батыр көшесін қайта жаңғырту. Жоба бойынша жалпы ұзындығы 2,3 шақырым болатын көшенің асфальт жабындысы қайта төселіп, жаяу жүргіншілер жолы салынды. Түнгі жарық шамдар орнатылып, аялдамалар қойылады. Ел игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстардың сапасы аудан әкімдігінің жіті бақылауында. ЕРЖАН НАҚЫЛОВ, АУДАНДЫҚ ТҮКШ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ \осы көшенің қиылыстарына жаңадан бағдаршамдар қойылатын болады. Жоба өтпелі болғандықтан келесі жылы беріледі деп жоспарланып отыр. Жол сапасы бізде жіті қадағалауда. Біздің мамандар арнайы құрылыс басында міндетті түрде болады...\ Тілші: Аудан орталығында «Моно және шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында Бақтыбай батырдан бөлек 7 көшеге асфальт төселуде. Сондай-ақ, Сексеуіл, Жақсықылыш кенті және Қаратерең мен Қосжар елді мекендеріндегі ішкі жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. ЕРЖАН НАҚЫЛОВ, АУДАНДЫҚ ТҮКШ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ \аудандық маңызы бар жолдарға тоқталсам. «Самара-Шымкент-Бекбауыл» жобасы өткен жылы басталған болатын. Қазіргі таңда жалғасын тауып, жыл соңына дейін бұл жобаны да ел игілігіне берсек деген жоспарымыз бар. Тұрғындардың өтінішін қанағаттандыру мақсатында Шөміш, Аралқұм елоді мекендерінің ортасын қосатын жолдың да құрылысы жүріп жатыр. Бұл жобада жыл соңына дейін аяқталады\ Жалпы Аралда аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 783,383 шақырымды құрайды. Бүгінде оның 421 шақырымы жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live
Facebook - / qyzylordatv Instagram - / qyzylordatv Telegram - https://t.me/qyzylorda_tv
Tiktok - / qyzylorda_tv