Ақыр байдың баласы аштан өлген? Тұрар кім?
Қазақ Халық жазушысы Шерхан Мұртаза өзінің “Бір кем дүние” атты кітабында: “Тұрар Рысқұлов 1938 жылы атылды деп жазылатын. Қабiрi Москва түбiндегi Бутова деген деревнядағы зиратта дейтұғын. Бiрақ кейiн iздеушiлер сол Бутовадан таппады. Кейбiр басылымдар Тұрардың өлген жылы “1943” деп жүр. Тұрар Рысқұлов туралы “Служение народу” атты қомақты кiтап жазған москвалық профессор В.М.Устинов: “Өте құпия құжаттар бар. Ол тек генсектiң рұқсатымен ғана көрсетiледi. Бiр сөз бар: Тұрар Рысқұлов Солтүстiк Қазақстанда өлген”, – дейдi-дағы, сыбырлап: – Аштан өлген, 1943 жылы”, – дейдi. “Ақыр байдың баласы аштан өлген”. Тұрар, миллиондарды сталиндiк-голощекиндiк аштық ажалынан (геноцид) арпалыса арашалаған Тұрар Рысқұлов ақыр соңында өзi аштан өлген?! Әдiлет қайда, атасына нәлет! Тым болмаса моласы да жоқ. Шыңғыс ханның моласын осы уақытқа дейiн толып жатқан зерттеушiлер таба алмай келедi. Ал халықты аштық қырғыннан сақтап қалған Рысқұловтың моласын кiм iздейдi? Бiр кем дүние”, – дейді. Осылайша моласы да іздеусіз қалған Тұрар Рысқұловтың өмірі туралы «Қызыл жебе» деген роман жазып қалдырған. Бұл роман Т.Рысқұловқа арнап қойылған ескірткіш тәрізді.