«Қайраттың» бельгиялық жанкүйерлері
Еуропада «Қайрат» футбол командасының жанкүйері көп. Бельгияның Лёвен қаласында жергілікті «Табор» әуесқой футбол клубының мүшелері жиналып, алматылық команда мен кипрлік «Пафос» арасындағы Чемпиондар лигасы матчын тамашалады. Айтпақшы, «Табордың» ойын формасы — сары және қара түсті — «Қайраттың» жейдесімен түстес. Кездесуді жергілікті телеарнада қызмет ететін бельгиялық журналист әрі футбол жанашыры ұйымдастырды. Қазақстандық спортшыларға қолдау көрсетуге елу шақты көрермен жиылған.Ойын соңында олар қазақстандық студенттермен достық кездесу өткізуге келісті. «Табор» командасы, тіпті Алматыға барып, «Қайраттың» матчын көруге ниетті. #ХабарСпорт #Спорт #Қазақстанспорты