"Қайырлы кеш" сөзі - Қуаныш Жұмаділұлы, әні - Асқар Шаймарданұлы
«Қайырлы кеш!» әні көпшіліктің назарына соңғы кезде танымал болған тамаша ән. Әннің мұңды, бірақ екпінді, сенімді ырғағы терең ойлы, жүректен шыққан маржан сөздерді тербетіп тұрғандай. Бұл ән біздің шығысымыздағы Алтай өңірінің қазақтары Қуаныш Жұмаділұлының сөзіне жазылғын Асқар Шаймарданұлының шығармасы. Оны бізге таныстырып, таратып жүрген азамат Өнербек Каусаұлы. Бұл әннің терең мағынасы, орындалу ерекшелігі менің бойымды билеп, жүрегімді тербеткені сондай, күндіз-түні бас алмай бейнемонтаж жасауға кірістім. Әрине әннің авторы мен оны таратушысы рұқсатсыз қолданды деп айып салмас деген ойдамын.Өйткені әннің өте бір биік маңыздылығы оны бірден иісі қазақ деген жандардың сүйіспеншілігіне әкеліп, ұлттық құндылықтар қатарына қосады деп санаймын. Бұл әнді бір нағыз қазақ, қазақша тебіреніп дүниеге әкелді. Ал енді ол халықтың сүйікті әніне айналып, халық әні болып кететініне мен сенемін.
Смотрите также
