Қарекет: Жеңіс туын желбіреткендер
2018 жылдың мамыр айында «Qazaqstan» телеарнасындағы «Қарекет» бағдарламасының «Жеңіс туын желбіреткендер» тақырыбындағы түсіріліміне қатысқан едік. Бағдарлама, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында, Екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбына, оның ішінде қазақстандық әскери тұтқындар мәселесіне арналды (эфирге шыққан күні 9 мамыр 2018 ж.). ҚР Президентінің Архиві 2015 жылы «Екінші дүниежүзілік соғыстың қазақстандық әскери тұтқындары» атты ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асыруды бастаған болатын.Осы уақыт аралығында бірқатар жұмыстар атқарылып, қазіргі күнде жоба аясында дайындалған Tutkyn.kz сайтында 36 мыңнан аса қазақстандық әскери тұтқындар туралы ақпарат орналастырылған.