G
enby!

ЕСІРТКІМЕН ҰСТАЛДЫ

Айматқтың тәртіп сақшылары есірткі қойып кетумен айналысқан 21 жастағы күдіктіні ұстады. Оқиға Өскемендегі тұрғын үй ауласының бірінде жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында тіркелді. Қылмыскер өзінің қызметін интернет-дүкендердің бірінің көмегімен жүзеге асырып, үйлестірушінің нұсқауымен Өскемен жастары арасында одан әрі тарату үшін "қара тауар" алған. Полиция қызметкерлері жеке тінту кезінде ұсталған азаматтың іш киімінен көк түсті изолентамен оралған бума, оның ішінде ұнтақ және түйіршік түріндегі зат салынған 30 буманы және шалбарының сол қалтасынан бір темекі қорабын, оның ішінен жасыл изолентамен оралған ұнтақ және түйіршік түріндегі зат салынған бір буманы тапты. Сондай-ақ, көпқабатты үйдің кіреберісін тексеру барысында ішінде ұнтақ және түйіршік түріндегі заты бар 3 полимерлі бума салынған қара түсті сөмке табылып, тәркіленді. Айта кетейік, жүргізілген сараптама тәркіленген заттардың жалпы салмағы 25 грамнан асатын а-pvp есірткі заты екенін көрсетті.

Смотрите также