G
enby!

Ипотека төлеуден қиналсаңыз, енді төлемді уақытша демалыс алуға болады

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Бүгінгі шығарылымда: Енді ипотека төлеп отырған қазақстандықтар қиындықтарға тап болса қарызын уақытша тоқтата алады. Яғни қаржылық жағдайы жақсарғанға дейін берешегін өтеу мерзімі шегеріледі. Ең бастысы төлем қабілетінен айырылғанын дәлелдей алса болғаны. Бірақ көпшілік бұл мүмкіндік туралы біле бермейді. Әріптесім Серік Дәрменұлы демалыс алу шарттары жайлы айтып береді. Кредиттік каникул берілетін жағдайлар әртүрлі. Мысалы жұмыссыз қалу, табыстың азаюы, декреттік демалыс. Демек, кірісі күрт кеміген не қиын жағдайда қалған жандар несиесін кемінде үш айға шегере алады. Бұл мүмкіндікті табиғи апаттар мен төтенше жайттардан зардап шеккен тұрғындар да пайдалануға құқылы. Ол үшін барлық мән-жайды түсіндіріп, нақты дәлелмен құжаттарын ұсынса болды. Мамандардың айтуынша, ипотекалық демалысты бір рет емес, екі рет алуға болады. Бірақ, бұл – қарыздан босату емес, тек уақытша жеңілдік. Өйткені, кейін төлем сомасы көбейеді не мерзімі ұзартылады. Ал, банк өтінішті 10–15 күн ішінде қарайды. РАСУЛ РАМАЗАН, қаржыгер : Бірақ тек қана әлеуметтік жағдайлардан емес, жеке қаржылық қиындықтар көрсеңіз сол себептен де сізге демалыс бере алады. 03:48 + 04:25 Тек ауызша айту ол жеткіліксіз. Сізде ресми құжаттар болуы керек. Мысалы жұмысыңыздан айырылып қалғаныңызды немесе баланың туу туралды куәлігі, әскери қызметке барғаныңызды, одан басқа ресми құжаттар керек. Сарапшы несиелік демалыс беру тәртібі әр қаржы ұйымында әртүрлі екенін айтады. Пікірінше, көбіне өтініш кредитті 6 ай не 1 жыл бойы кешіктірмей төлеген кезде ғана қабылданады. НАЗИРА ШАРИПОВА, брокер: Енді банктың менеджерлері, иә, ондайды айта бермейді. Себебі банк менеджерлері тезірек ипотеканы рәсімдеп, тезірек құжаттарға қол қойғызып, солай толығымын ипотеканы рәсімдеп, ай сайынғы төлеміңіз осындай-осындай жылға мейлінше деп соны ғана айтады болды. Негізі ипотека рәсімдейтін кезде банк қызметкерлері айту керек бұл туралы. Демек, ипотекалық демалыс қарыздан құтылудың жолы емес. Тіпті борыштық жүктеме еселеп өсуі мүмкін. Сондықтан, жеңілдікті қолданбас бұрын, ойланған жөн дейді сарапшылар. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также