G
enby!

«Ұлы Дала Ұстазы» Шаказ Көбейқызымен

«Ұлы Дала Ұстазы» подкасты – білім жолындағы ізденіс пен тәжірибені, ұстаздың шынайы дауысын естуге арналған алаң. Бұл подкаст мұғалімдерге ғана емес, білім саласына бей-жай қарамайтын кез келген тыңдарманға арналады. Қоғамда жиі айтылатын сұрақтардың бірі: «Қазіргі мұғалім қандай болуы керек?» Алайда бұл сұраққа жауапты, ең алдымен, мұғалімнің өзінен есту маңызды. Сабақ, сынып, ата-ана мен оқушы арасындағы күнделікті үдерістің артында қандай толғаныс, ізденіс, қуаныш пен жауапкершілік бар? «Ұлы Дала Ұстазы» подкастына шақырылған қонақтар — дәл осы шынайы ұстаздық өмірдің иелері. Олар өз тәжірибесі, көзқарасы, жүректен шыққан ойларымен бөліседі. Алғашқы эпизодтың қонағы — Қалымбетова Шаказ Көбеевна, Астанадағы Халықаралық Steppe School бастауыш мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары, 25 жылдық кәсіби жолы бар тәжірибелі педагог.

Смотрите также