Жеті айда өндірілген өнім көлемі ₸16,2 трлн-ға жетті | Іс жүзінде
Алдағы үш жылда экономиканың нақты орташа жылдық өсімі 5,3% болады. Көрсеткіштің жақсаруына негізгі секторлардағы табыс көлемінің артуы сеп болмақ. Нәтижесінде биыл 20 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Бір ғана өңдеу өнеркәсібінде 190 жаңа жоба іске қосылады. Оның жалпы құны 1,5 трлн теңге. Ауыз толтырып айтарлық көрсеткіштерді Үкімет басшысы AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген жиынында айтты. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24 #өнімөндіру #елэкономикасы #экономикалықөсім #үкімет #олжасбектенов #жаңажұмысорындары