Анасынан Айырылған Соқыр Бала Қауіпті Орманда Жалғыз Өмір Сүруде
Барлықтарыңызға сәлем! Сіздермен Нурикс. Бүгін бізде "Привязанный" фильмі. Соломон анасы Нидиямен бірге орманда өмір сүреді. Бала зағип болып туылды және сол үшін анасы оны бағыт бағдар білуге үйретеді. Үйден сырт жерге шыққанда Соломон беліне арқан байлайды. Сол арқылы ол кез келген жағдайда үйге кері қайта алад. Дәл қазір Саломон желді тыңдап шегіртке аулап банкасына жинап отыр. Осылай бала көзсіз ақ қоршаған ортамен танысқысы келеді. Нидия үйге оралып баласын жаттықтыруды шешті. Ол Соломонның беліне жіп байлап орманға ертіп кетеді. Анасы баласын өз бетінше өмір сүруге дайынап жүр.