G
enby!

Португалия – әлем чемпионатының басты фавориті. Роналду мансабын аяқтайды

Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына бір қадам жақындады. Алда – іріктеу кезеңіндегі шешуші матчтар: Ирландия мен Арменияға қарсы ойындар. Дәл осы кездесулер Роналду бастаған команданың тағдырын анықтайды. Роберто Мартинес шәкірттері бүгінде Еуропаның ең қауіпті құрамаларының бірі. Диогу Кошта, Нуну Мендеш, Жоао Невеш, Бруно Фернандеш, Бернарду Силва – бәрі де әлем футболының элитасында. Ал Роналду 40 жасында соңғы әлем чемпионатына дайындалып жатыр. Бұл – оның соңғы миссиясы. Португалия – әлем чемпионатының басты фавориті. Месси өз арманына жетті, енді әділдік Криштиану жағында бола ма? 1000 голға жақындаған Роналду мен оның алтын буыны тарих жазуға дайын.

Смотрите также