G
enby!

Түркияда Елтеріс қаған кешенінен табылған жәдігерлердің фото көрмесі өтті

Түркияның Бурса қаласында Елтеріс қаған кешенінен табылған жәдігерлердің фото көрмесі өтті. Түркі академиясы ұйытқы болған «Орхоннан Орханға дейін» атты ғылыми-археологиялық жиын аясында көрме ұйымдастырылған. Оған Моңғолияның Номғон жазығында табылған құнды ескерткіштердің суреттері қойылды. Жиынға келген түркітілдес елдердің дипломаттары мен ғалымдарға құнды жәдігерлер таныстырылды. Қазақ пен моңғол археологтары бірлескен қазба жұмыстары нәтижесінде табылған Елтеріс қаған бітіктасы бетінде көне түркі тілінде түрік, тәңір, құтлық сияқты сөздер жазылған. Ғалымдар бұл олжа- түрік атауы алғаш рет кездескен көне дәуір ескерткіші екенін айтады. #ҚазақстанЖаңалықтары #Ақпарат #Aqparat #QazaqstanTV

Смотрите также